⚡️ Тарихта тұңғыш рет ұлттық құрама Француз қаласы Лионда өткен 47-ші WorldSkills халықаралық чемпионатында 7 медальон жеңіп алып, жетістікке жетті. Біздің еліміздің намысын 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушы және 30 халықаралық сарапшы қорғады.
🏆 «Ұлт үздігі» номинациясы және құзыреттіліктер бойынша үздіктер:
* Руслан Юсупов — Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті — «Веб-технологиялар»;
* Әйгерім Досова — Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі — «Сән технологиясы»;
* Данияр Әбікенов — Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті — «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»;
* Михаил Попов — Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенті — «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары»;
* Тимур Бабенко мен Эльнар Жуасбаев — Семей қаласының Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері — «Мобильді робототехника»;
* Жанель Сағындық — Алматы қаласы «Әділет» колледжі — «Қонақ үй ресепшионисті»;
* Артур Лейман — Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенті — «Мейрамхана сервисі» — «Ұлт үздігі» номинациясы.
👏🏻 Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін әлемдік аренадағы жоғары көрсеткіштерімен құттықтаймыз!
🌐 WorldSkills Lyon — 2024 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенттері қатысты.